Жаңалық таксономиясы

Фото unsplash сайтынан алынған

Жылдан жылға журналистика саласы дамуда. Өткен шақта біз жаңалықты газеттерден қарап, телидидар мен радиодан тыңдайтынбыз. Қазіргі кезде, жаңа технологиялар барлық салаларды басып алды. Енді адамдарда жаңалықты естіп, білу үшін көп уақыт кетпейді. Әр адам жаңалықты әлеуметтік желілерден немесе түрлі сайттардан таба алады.

Біз фейк ақпаратты шыңайы ақпараттан ажырата аламыз ба? Күннен күнге бізге қажетті ақпаратты оқимыз ба?

Жаңалықты түсінуге, ақ-қарасын ажырата білуге бізге таксономия көмектеседі. Таксономия дегеніміз не? Таксономия менің түсінігім бойынша байланысы бар салаларды жүйелейтін нәрсе. Таксономия ұқсас, байланысы бар, бір салаға,бір топқа қатысы бар заттарды жүйелейді. Енді жаңалықтарға оралсақ, жаңалық таксономиясының кестесі бар . Осы кесте арқылы сіз жаңалықтын қай түрге жататынын, журналисттың көздеген мақсатың, шыңдық, өтірік па ажырата аласыз. Блум таксономиясына тоқтасақ. Блумның айтуы бойынша, оқу мақсаттары жүйелі(есте сақтау, түсіну, қолдану, анализ, синтез, баға беру) ойлау процесстері арқылы атқарылады. Бұл таксономияны көбінесе мұғалімдер қолдайды. Сонымен, әр саланың өз алгоритмі, жүйесі бар. Таксономия журналисттер үшін таптырмас құрал. Әрине, мен өзім жаңалықтану сабағыннан кейін терең ойға шомылдым. «Бұл таксономияның механизмі қандай екен? Адамдарға шынымен де көмектесе ме? «,- деп ойладым. Расымен де жаңалықтану мен медиасауаттылықтың байланысы бар. Жаңалықты дұрыс,жүйелі түрде жазып, интернетке жүктеп ,журналист өз медисауаттылығын көрсетеді. Журналисттер барлық шындықты, фактпен дәлелденген ақпаратты жариялау керек. Казіргі сайттар өте көп, сапалы аз. Адам күнде керек емес ақпаратты тұтынады. » Мерзімі өткен тауарды тұтынады «-,деп ойлаймын. Ал жаңалық таксономиясы

ның арқасында, журналист сапалы мақалаларды шығара бастайды. Алданбайық адамдар, ақылды болайық!

Мақсатына жетер жолда, сенімінді жоғалтпа.

 

Айдана Мустафина – білімді, мінезі сабырлы, қара көз сұлу қыз.  Мен Айданамен алғаш университетке түскенімде танысқан болатынмын.   Мен дәл Айдананың бойынан қыз балаға тән тәрбиені көремін. Ол әрдайым көмек қолын созуға дайын тұрады.  Инабаттылық, нәзіктік және имандылық бәрін бір өзіне топтасқандай.  Кейде мен Айдана сияқты сабырлы болғым келеді. Айдананың сабрлығы әр адамды танқалдырады.  Қандай жағдай да болмасын, ол өз өзін қолда ұстап ешқашан шектен шықпайды. Мен үшін осы қыз қалыптасқан тұлға ретінде көрінеді. Кейбір кездері Айданадан, түрлі жағдайларға байланысты кеңес сұраймын және ол маған көп көмектеседі. Айданамен араласып мен өз бойымдағы жаман қасиеттерден арылдым. Шынында да, біздің адам болып қалыптасуымызға, басқа адамдардың септігі тиіп жатыр.  Әрине, Айдана сияқты қайратты, жігерлі адамдар өте аз. Continue reading «Мақсатына жетер жолда, сенімінді жоғалтпа.»

Жаңа медиадағы журналист

Photo by Clem Onojeghuo

 

Қазіргі уақытта интернет қолданушылардың саны көбеюде. Әр адам интернетте пікір қалдырып, өз ойын еркін жазып алады. Коммуникация саласында мәлімет алмасу тез дамып  жатыр. Осындай жағдайда, интернет пайдаланушылардың арасында қолданыс тапқан блог та дамиды .  Адам бір орында тұрмайды.  Ол дамиды. Жаңа медианың және заманауи технологиялардың дамуы адамдарға өз пайдасын тигізері анық. Алайда интернеттің адамдарға тигізер пайдасынан бөлек, зияны да қатар жүреді.  «Жаңа медиа: монологтан диалогқа» кітаптың, үшінші тарауында, нақты деректер мен анықтамалар келтіріліп, оқырмандарға қажетті ақпарат жан-жақты қарастырылған.

 

Бұл тарауда блогосфера, заң жүзінде журналисттердің құқығы және де жаңа медиамен жұмыс істеу барысындағы жауапкершілігі жайында қарастырылады. Ағылшын тіліндегі журналдан аударылып алынған мақалалар топтастырылып, оқырмандар назарына ұсынылған.

Қазіргі уақытта, блогосферада  адамдар өздерінің ойын еркін жариялайды.  Бұл жаңа медианың дамығандығының  көрінісі. Бірақ та, қазір блогшыларға өз пікірін еркін, шын жазуға шектеу қойылады. Ашық түрде жазатын блогтарды заң бақылайды. Осыған байланысты деректреді кітапта оқуға болады.

Әр журналист, өзінің жазған сөзіне және жасаған әрекетіне жауапты. Тәуелсіз журналист – халыққа қызмет ететін журналист. Әрдайым елде болып жатқан шындықты ашық айтып, жеке бас құқығына қол сұғудан аулақ болғаны жөн. Билік тарпынан қысымға қарамай журналист сонына дейін шындықты қолдауы тиіс. Жаңалықтарды ойдан құрастырмай, шоу жасамай, интернет сайттарда  провакация жасамай, нақты, дәлелденген,  фактімен сөйлеп,болған оқиғаны анықтап, бірнеше дереккөзге сүйенгені абзал. Билік тарапынан сөз бостандығына шектеу қоюға болмайды.

Журналисттер де, журналисттік этиканы сақтап, қандай кейіпкер туралы сөз қозғап, жазса да сыпайы түрде ешбір адамға кесірін тигізбей әдептілік танытуы тиіс. Біздің міндетіміз халықтың досы болу. Халыққа көмектесу.  Әрине, БАҚ-ты төртінші билік деп те атаймыз, бірақ шындығында осы биліктен айырылдық. Халықтың журналистке  көзқарасы күннен-күнге өзгеріп бара жатыр. Журналист  халықтың адамы, халқымызды құрметтейік. Оларға тек қоғамдық, әлемдік маңызға ие ақпараттарды нақты жеткізейік.

Өтіріктен аулақ болайық журналисттер!

Таксидегі әңгіме

Photo by Myung-Won Seo

Таң атты. Салқын. Ас бөлмеден қуырылған жұмыртқаның иісі шығып жатты. Мен төсектен  тұрдым. Жуынатын бөлмеге қарай бет алдым. Жуынатын  бөлмеге  кірдім. Кранды ашып, ыстық сумен қолымды күйдіріп алдым. Жуынып шықтым.Бөлмеме кіріп киімді ауыстырып алдым. Ас бөлмеге бардым. Үстелдің үстінде мені Әйгерім қуырған жұмыртқа күтті. Тәрелкеден бу шығып тұрды. Әйгерім жұмыртқаны күйдірді. Мен бәрібір жедім, өйткені өте дәмді болды.

Бүгін кітапханаға баратын күн. Жұмыртқаны жеп, тәтті шәй іштім. Киіндім. Пәтерден шықтым. Дәлізде тыныш. Баспалдақпен төмен түсіп, үшінші қабатта тоқтадым. Жиырма үшінші пәтерден ванилиннің тәтті, хош иісі шығып тұрды. «Көршілеріміз пысық екен», – деп ойладым. Бірнеше секунд тұрып, жолымды жалғастырдым. Подъезден шыға сала, салқын ауа бетімді қарып өтті.

Көшеге шықтым. Жолдың арғы бетіне өттім. «Сұлтан» дүкенінің алдында тоқтадым. Осы дүкеннің алдында такси ұстауға шешім қабылдадым. Оң қолымды көтеріп, такси тоқтатуға әрекет жасадым. Менің жаныма ақ «Тойота» көлігі тоқтады. Көліктің он жағындағы есікте сызықты көрдім. Көліктің астынғы жағы кір болатын. Көліктің ішінде көңіл-күйі ашық, жарқын ағай отыр. Мен одан мені кітапханаға дейін, апарып тастауын сұрадым. Ағай келісті.

Көліктің артқы орындығына отырдым. Көлік жып-жылы. Көліктің иісі де жағымды. Радиода «Gakku FM» екен. «Mystereos» тобының «Qalaysha» деген өлеңі ойнады. Оң жақтағы есіктің ішіннен мен бір қызыл нәрсені көріп қалдым. Ағайдан бұның не екенін сұрадым. Ағай алуға рұқсат берді. Бұл нәрсе жұмсақ қуыршақ. Көйлегі қызыл. Қуыршақ ағайдың кішкентай қызы Айарудікі екен. Ол қуыршақты таңертең балабақшаға  барғанда, ұмытып кетіпті.

Ағайдан атын сұрадым. Аты – Айдос. Қалада жұмыс істейді. Алдынғы орындықта қара қорапша жатты. Айдос ағайға: «Қорапшаның ішінде не бар екен, қызық»,- деп айттым. Ол қара қорапшаны ашты. Маған бір сурет берді. Суретте Айдос ағай, әйелі мен кішкентай қызы. «Өте әдемі және тәрбиелі отбасы»,- деп ойладым мен. Ағай осы суретті әрдайым өзімен бірге алып жүреді. Көңіл-күйі жаман, әрі қатты шаршайтын кездер болады. Айдос ағай осындай жағдайда суреттегі қызынның күлкісіне қарап, көңілі орнына түседі. Ол үшін баға жетпес байлық – отбасы.

Кітапханаға барар жолда, біз отбасы құндылықтары жайында көп айттық. Тұмарлар, сәттілік әкелетін заттар туралы да әңгімелестік.

Абай-Абылай-хан көшесіндегі «Ұлттық кітапханаға» да келіп жеттік. Мен қара сөмкемнен ақша шығарып жатқанда, Айдос ағай мені тоқтатты. Менен ешқандай ақша алмайтынын айтып, жақсы әңгімеміз үшін алғыс білдірді. Мен де оған  рақмет айттым. Айдос ағай сияқты жақсы адамдар көп болсын.

Мен көліктен түстім. Көтерінкі көңіл-күймен кітапханаға қарай бет алдым.